Accessibility links

Ресей: АҚШ ұшақтарын Сирия әскеріне шабуылдаса атып түсіруіміз мүмкін


Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь конашенков ресейлік әуе шабуылынан қорғаныс жүйелері америкалық ұшақтарды немесе АҚШ бастаған коалиция ұшақтарын егер олар Сирия үкіметі әскеріне шабуыл жасаса атып түсіруі мүмкін деп ескертті. Конашенковтың Вашингтон мен Мәскеудің қарым-қатынасы күрт нашарлаған тұста жасаған бұл мәлімдемесі Ресейдің Сириядағы әуе операцияларының барысы туралы ең қатқыл әрі тіке мәлімдеме болды.

АҚШ осы аптада Ресеймен Сириядағы қақтығысты тоқтату туралы келіссөзден шығатынын жариялаған. Содан бері Ресей және Сирия әскерінің Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы аудандарына әуе шабуылдарынан жүздеген бейбіт тұрғын мерт болды.

Ресей осы аптада Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендерін орнатып, Жерорта теңізіне Қара теңіз флотының үш әскери кемесін жолдады. Ресейдің Сирия жағалауларындағы әскери кемелеріне де алыс радиуста әрекет ететін бірнеше С-400 зенит зымыран кешені орнатылды.

Америкалық Washington Post басылымы 4 қазанда Пентагон өкілдері мен президент әкімшілігі Сирия үкіметі әскерінің шептеріне олардың Алеппоға үздіксіз шабуылын тоқтату үшін шектеулі әуе соққыларын жасауды талқылап жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG