Accessibility links

Германияда терактіге дайындалған деген күдікпен үш адам ұсталған


Германиялық полиция қызметкерлері. Хемниц, 8 қазан 2016 жыл.

Германиялық полиция қызметкерлері. Хемниц, 8 қазан 2016 жыл.

Германияның шығысындағы Хемниц қаласында теракт жасауға дайындалған деген күдікпен үш адам ұсталған. Жүргізілген тінту барысында бірнеше жүз грамм жарылғыш зат табылғаны хабарланған.

Германиялық құқық органдары терактіге дайындыққа негізгі күдікті - 22 жастағы сириялық Джабер Әлбакрге іздеу жариялап, суретін таратты. Полиция Хемницте террорлық шабуыл жасамақ болған топты сол басқарған деп санайды.

Полицияның мәліметі бойынша, Дамаск қаласының тумасы Джабер Әлбакрдің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысы бар. Ол Германияға былтыр босқын атын жамылып келген.

XS
SM
MD
LG