Accessibility links

АҚШ әскери кемесіне Йемен территориясынан зымырандар атылды


АҚШ-тың USS Mason эсминеці.
АҚШ-тың USS Mason эсминеці.

Америкалық әскери кеме Йеменнің шиит көтерілісшілері бақылайтын территориядан зымыраннан атқыланды. АҚШ әскери-теңіз күштерінің ресми өкілінің хабарлауынша, 9 қазан күні кемеге атылған екі зымыран U.S.S. Mason эсминеціне жетпей, теңізге түскен. Адам шығыны болмай, кемеге зардап келмеген.

Сол күні бұдан бұрынырақ Сауд Арабиясының билігі Меккеге жақын әуе базасына Йеменнен зымырандар атылғанын, бірақ одан ештеңе қирамағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG