Accessibility links

Ақтөбеде "Таблиғи жамағат" идеясын насихаттаған" адам сотталды


Ақтөбе қалалық соты (Көрнекі сурет).
Ақтөбе қалалық соты (Көрнекі сурет).

Ақтөбенің №2 соты Ақтөбе облысының тұрғынын Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымының идеяларын насихаттады деген айыппен бір жыл мерзімге соттады деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот облыс тұрғыны К.У.Исатаевты ұйым қызметіне араласты деп айыптап, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, жазасын қоныс колониясында өтеуге үкім кескен. Айыпты сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған.

Қазақстанда "Таблиғи Жамағат" ұйымы 2013 жылы экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Биліктің ұйғарымынша, "Таблиғи Жамағат" Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейді.

Қазақстанда 2013 жылдан бері бұл ұйымның қызметіне араласты деген айыппен ондаған адам сотталды.

XS
SM
MD
LG