Accessibility links

Назарбаев пен Мирзияев "байланысты жандандыруды" талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев "екі жақты байланыстарды жандандыру" жайын талқылады деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша, Назарбаев пен Мирзияев дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлескенінде энергетика, транспорт және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылаған.

Назарбаев пен Мирзияев Өзбекстан мен Қазақстан делегацияларының түрлі деңгейдегі жұмыс сапарларының қорытындысын, басым бағыттар бойынша маңызды коммерциялық келісімдерді жоғары бағалаған.

Қазақстан президентінің ресми сайтында Назарбаев пен Мирзияевтің сөйлескені туралы ақпарат жоқ.

Мирзияевті сарапшылардың көпшілігі Өзбекстанда 4 желтоқсанға белгіленген мерзімінен бұрын президент сайлауында жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары кандидат деп біледі. Сайлау елдің алғашқы президенті Ислам Каримов қыркүйектің басында инсульттен көз жұмып, Самарқанда жерленген соң бірінші рет өтеді.

XS
SM
MD
LG