Accessibility links

Кабулде шабуылдан 14 адам мерт болды


Кабулдегі шабуыл жасалған Карт-е Шахи мазары. Ауғанстан, 11 қазан 2016 жыл.

Кабулдегі шабуыл жасалған Карт-е Шахи мазары. Ауғанстан, 11 қазан 2016 жыл.

Кабулде қарулы адам шииттердің Ашура діни мерекесі қарсаңында қаладағы ең ірі мазарлардың біріне зияратқа жиналған адамдарға оқ атып, 14 адам қаза тапты. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Седик Седдики Азаттықтың Ауған редакциясына 11 қазанда Карт-е Шахи мазарында болған шабуылдан кем дегенде 36 адам жараланғанын айтты. Мерт болғандардың 13-і - бейбіт тұрғындар, біреуі - полиция қызметкері.

Кабул полициясының бастығы Рахман Рахимидің айтуына қарағанда, шабуылды бір адам жасаған, кейінірек қауіпсіздік қызметкерлері оның көзін жойған.

Әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешбір топ мойнына алған жоқ. "Талибан" қозғалысының ресми өкілі Забиулла Муджахид шабуылға ұйымның қатысы жоғын хабарлады.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани шабуыл құрбандарының туыстарына көңіл айтып, шабуылды "адамзатқа қарсы қылмыстың көрінісі" деп айыптады.

XS
SM
MD
LG