Accessibility links

Ресей олимпиада комитетінің президенті отставкаға кетті


Александр Жуков, Ресей олимпиада комитетінің отставкаға кеткен президенті.

Александр Жуков, Ресей олимпиада комитетінің отставкаға кеткен президенті.

Ресей олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков отставкаға кететінін мәлімдеді.

Ол Ресей мемлекеттік думасы спикерінің орынбасары ретіндегі қызметіне баса көңіл бөлгісі келетінін айтты. Александр Жуков Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) мүшесі және 2022 жылы Пекинде өтетін Қысқы олимпиаданы үйлестіру комиссиясының басшысы болып қала беретінін айтты.

Александр Жуков спорттағы допингке қарсы шараларды реформалау ниетін білдірген соң таяуда ХОК-ке мүше болып сайланған ресейлік белгілі спортшы Елена Исинбаева Ресей олимпиада комитетін басқара ма, басқармай ма деген жайттан хабары жоғын білдірді.

Ресейлік ақпарат құралдары бұған дейін Елена Исинбаеваның комитет президенті болудан үмітті екенін хабарлаған.

Ресей олимпиада комитетін 2010 жылдан бері басқарған Александр Жуков комитет мемлекеттік допингке қолдау көрсету бағдарламасына қатысқаны үшін беделінен айырылған соң отставкаға кетіп отыр. Ресейдегі спортшылардың жаппай допинг қолданғаны әшкереленген даудан соң бұл елдің 100-ден астам спортшысы Рио-де-Жанейро олимпиадасынан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG