Accessibility links

Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыпқа қатысты сотқа жүгінбек


Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі

Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы интернетте өзі туралы жасалған мәлімдемелерге қатысты "ар-намысы мен абыройын тек сотта қорғайды" деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

9 қазанда интернетте өзін академияда 2011-2015 жылдары оқыдым деген актриса Еңлік Сыдықованың видеосы жарияланған. Сыдықова видеода 2011 жылы сол кезде академия ректоры болып тұрған Арыстанбек Мұхамедиұлын оқуға түсуіне көмектесу үшін "әуелі ақша сұрап, кейін жыныстық бопсалады" деп айыптайды.

Ал 10 қазанда Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптарды терістеп, мәлімдемені "жала жабу" деп атаған. "Бейнежазбадағы қыз адвокаттармен кеңесіп алуы керек еді. Қылмыстық кодексте азаматтарды дәлелсіз айыптамауға шақыратын жала жабу туралы бап бар. Мен заңгерлерімді әлгі видеоны зерттеп, қарсы құқықтық шаралар жасауды сұраймын" деген Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрліктің баспасөз қызметі Мұхамедиұлы сот шешімі шыққанға дейін өзіне қатысты мәлімдемелер жайлы ешқандай комментарий бермейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG