Accessibility links

Асад: Сирия Ресей мен Батыстың әскери қимылдар сахнасына айналды


Башар Асад, Сирия президенті.

Башар Асад, Сирия президенті.

Сирия президенті Башар Асад Сирия Ресей мен Батыс елдері арасындағы қақтығыс алаңына айналғанын мәлімдеді. "Соңғы бірнеше аптада, бәлкім, бірнеше айда қырғи-қабақ соғысы сияқты текетіресті байқап отырмыз" деді Асад 13 қазанда ресейлік "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында.

Ресей Сириядағы қақтығысқа бір жыл бұрын килігіп, Сирия үкіметі әскерінің құрлықтағы операциясын қолдау мақсатында әуеден шабуыл жасау үшін әскери ұшақтарын жіберген. Мұның нәтижесінде Сирия дағдарысындағы күштердің арасалмағы Сирия үкіметінің жағына ауған. Ал Асадпен соғысып жатқан көтерілісшілерді қолдайтын АҚШ пен Еуропа мемлекеттері оларға әскери көмек бермеген.

Асад сұхбатында Түркия Анкараның "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары мен күрдтерді Сирияның Түркиямен шекаралас аудандарынан ығыстырып тастау кампаниясы кезінде Сирияға басып кіргенін де айтты.

Ол сонымен қатар Сауд Арабиясы өзіне егер басты одақтасы Иранмен байланысын үзсе көмек ұсынғанын да мәлімдеді. Асад Сауд Арабиясы өзіне "Егер Ираннан бойыңды аулақ салып, Тегеранмен кез-келген қарым-қатынасты үзетініңді жарияласаң онда саған көмектесуге дайынбыз деп тіке айтты" дейді.

XS
SM
MD
LG