Accessibility links

Сирия оппозициясы Түркияның көмегімен Дабик қаласына бақылау орнатқан


SYRIA -- Fighters from the Free Syrian Army cheer and react as they fight against the Islamic State (IS) group jihadists on the outskirts of the northern Syrian town of Dabiq, on October 15, 2016.

SYRIA -- Fighters from the Free Syrian Army cheer and react as they fight against the Islamic State (IS) group jihadists on the outskirts of the northern Syrian town of Dabiq, on October 15, 2016.

Сирияның солтүстігіндегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қолында болып келген Дабик қаласын Түркия қолдау көрсететін сириялық оппозиция күштері бүгін бақылауына алды деп хабарлады Reuters агенттігі Syrian Observatory for Human Rights ұйымына сілтеме жасап.

Дабик қаласы аймақтағы исламшылдар үшін маңызды роль атқарады. Діни аңызда ол ақырзаман болар алдында үлкен соғыс болатын жер ретіне аталған.

Бұған дейін CNN Turk телеарнасы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды жихадшылардан азат ету операциясы бастағаны туралы хабарлаған. АҚШ қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растаудан бас тартты. Бірақ, белгілі болғанындай, кеше Ирак әуе күштерінің ұшақтары Мосулға операция басталатынын ескертіп әуеден үнпарақтар тастаған.

АҚШ қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, өткен екі жылда халықаралық коалицияның іс-қимылы барысында Сирия мен Иракта 40 мыңнан астам исламшылдардың көзі жойылған. 2016 жылдың басынан бері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бақылауындағы жердің он пайызынан астамынан айырылған.

XS
SM
MD
LG