Accessibility links

Ирак билігі: Мосулды ИМ-нен азат ету операциясы басталды


Мосулға жақын әскери базадағы Ирак қауіпсіздік күштері. 16 қазан 2016 жыл.
Мосулға жақын әскери базадағы Ирак қауіпсіздік күштері. 16 қазан 2016 жыл.

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларының бақылауында тұрған Мосул қаласын қайтарып алу операциясы басталғанын хабарлады. Ирактың мемлекеттік телеарнасы арқылы жасаған үндеуінде Абади "жеңіс уақыты таяп, Мосулды босату операциясы басталғанын" мәлімдеді.

Ирактың екінші ең ірі қаласын азат ету операциясы бірнеше ай бойы жоспарланған. Бұл операция 2011 жылы Ирактан АҚШ әскері шығарылғалы бергі ең ірі ең ірі әскери операция болмақ. Егер ол сәтті жүргізілсе, онда ол содырларға қатты соққы бермек.

Мосул қаласының тұрғындарына үндеуінде Абади "қала тұрғындарын ИМ-нің терроризмі мен зорлық-зомбылықтан азат етудің басталғанын" мәлімдеді.

ИМ Мосулды 2014 жылы маусымда басып алған. БҰҰ бұған дейін Мосулды шабуылдап басып алудың гуманитарлық кері салдары "орасан зор" болатынын ескерткен. БҰҰ болжамына қарағанда, операция қала мен оның айналасындағы 1,2 миллионға дейін адамның өміріне әсер етпек.

XS
SM
MD
LG