Accessibility links

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысын қайта бастағанын хабарлады


"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы кәсіпорындарының бірі (Көрнекі сурет).

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы кәсіпорындарының бірі (Көрнекі сурет).

"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының баспасөз қызметі заң бұзғанына байланысты биліктің нұсқауымен жұмысы тоқтап тұрған кейбір кәсіпорындары қайта іске қосылғанын хабарлады.

Өткен аптада көліктегі бақылау инспекциясы АМТ-ның өндірістік қызметінде бірнеше заң бұзушылықты, оның ішінде теміржол релісінде ақау барын анықтаған. Бұдан соң "АрселорМиттал Теміртауға" болат және көмір департаментінің теміржол желісін пайдалануды тоқтатуға нұсқау берілген. Қозғалысқа тыйым салынғанына байланысты "Углерудная" станциясының жұмысы 20 сағатқа тоқтатылған. "Распорядительная" станциясында теміржолдың кейбір бөліктерін пайдалану тоқтатылып, станция бір күн тоқтап тұрған.

Транспорттық инспекцияның тексеруінен соң бірқатар заң бұзушылық анықталған соң "АрселорМиттал Теміртау"жұмысын уақытша тоқтатып, өндірісті азайтуға мәжбүр болды. Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, анықталған заң бұзушылық жойылған, бірақ "жұмыстың тоқтауы компанияның қызметіне кері әсер еткен". Компания басшылығы мұндай оқиға кәсіпорын қызметінде кәдімгідей іркіліс туғызып қана қоймай, төтенше жағдайдың туындауына да алып келетінін мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме кәсіпорындар жұмысы уақытша тоқтатылғаннан бірнеше күннен соң жарияланып отыр.

XS
SM
MD
LG