Accessibility links

Ресейлік спортшы олимпиада медалінен айырылды


Апти Аухадов, ресейлік ауыр атлет.
Апти Аухадов, ресейлік ауыр атлет.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2012 жылғы Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері - ресейлік ауыр атлет Апти Аухадовты сынамасынан допинг табылған соң медалінен айырды.

ХОК мәліметінше, Аухадовтан алынған сынамадан туринабол мен дростанолон стероидтары табылған.

23 жастағы спортшы Лондон олимпиадасында 85 килограмм салмақ дәрежесінде күміс жүлде алған еді. Ол жарыста қола медальді ирандық атлет Киануш Ростами иеленген. Аухадовтың жүлдесі енді Ростамиге берілуі мүмкін.

Биыл ресейлік жеңіл атлеттердің көпшілігі жаппай допинг қолданғаны анықталған соң Рио олимпиадасына қатысудан шеттетілген. 2008 және 2012 олимпиадалар кезінде алған допинг сынамаларын қайта тексеру басталғалы бері 98 атлеттің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Біраз спортшы жүлделерінен айырылған.

XS
SM
MD
LG