Accessibility links

Меркель Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды жоққа шығармады


Ангела Меркель, Германия канцлері.

Ангела Меркель, Германия канцлері.

Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге Сириядағы іс-қимылына қатысты санкция салу жайы Еуропа Одағының таңдауында қалуы тиіс деп мәлімдеді. Меркель өзі және Франция президенті Франсуа Олланд бүгін Берлинде Украинадағы дағдарысқа қатысты өтетін кездесуде Ресей президенті Владимир Путинмен Сириядағы жағдайды талқылайтынын айтты. Бірақ ол бұл кездесуден "ғажайып нәрсе" күту керек емесін білдірді.

Меркель мен Олланд та Ресейдің Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсеткенін сынайды. Олар Ресей мен Сирияны бейбіт тұрғындар мен ауруханаларды әдейі бомбалап жатыр деп айыптайды.

Меркель 18 қазанда Сирияда "апатты жағдай" болып жатқан тұста "қандай да бір шара қолданылатынын, оның ішінде санкцияны жоққа шығаруға болмайтынын", бірақ Путинмен кездесуде "ең басты мәселе - бейбіт халықтың қайғысын азайту жолдарын іздеу жайы" талқыланатынын айтты.

Меркельдің бұл сөзіен бір күн бұрын ЕО-ның сыртқы саяат жөніндегі комиссары Федерика Могерини одақ Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды ойластырып жатпағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG