Accessibility links

ЕО Асадты қолдайтындарға санкция салуды ойластырып жатыр


Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы аудандарына жасалған әуе шабуылдарынан кейінгі көрінісі. Сирия, 18 қазан 2016 жыл.

Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы аудандарына жасалған әуе шабуылдарынан кейінгі көрінісі. Сирия, 18 қазан 2016 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) егер Сирия президенті Башар Асадты қолдайтындарға олар Сириядағы қырғынды тоқтатпаса санкция салуды ойластырып жатыр. Бұл туралы 20 қазан күні кештеу Брюссельде өтетін ЕО елдері жетекшілерінің саммиті қарсаңында Азаттыққа белгілі болған кездесу туралы мәлімдеме жобасында айтылады.

Құжат жобасында одақ "Сирия билігін қолдайтын барлық жеке адамдар мен ұйымдарға қырғынды жалғастыра берген жағдайда қолданылатын барлық шараны, оның ішінде шектеу әрекеттерін де қарастырып жатқаны" айтылады.

Бұл шектеу шаралары Батыс елдері Сирия үкіметі әскерінің Алеппоға шабуылдауына қолдау көрсетті деп айыптайтын Ресейге тікелей қатысты болуы әбден ықтимал.

"Еуропа кеңесі Сирия билігі мен оның одақтастарының, әсіресе Ресейдің Алепподағы бейбіт тұрғындарға шабуылын қатаң айыптайды" делінген мәлімдеме жобасында.

Берлинде өткен Германия, Франция және Ресей басшыларының кездесуінен соң Олланд "Алеппода болып жатқан іс-қимылдар - әскери қылмыс" деп мәлімдеген.

Германия канцлері Ангела Меркель Сирияның ең үлкен қаласы - Алеппоның бомбалануын "адамшылыққа жат" деп атаған.

Ресей президенті Владимир Путин айыптауларды "Сирияда не болып жатқанын ескермеген мағынасыз әңгіме" деген.

XS
SM
MD
LG