Accessibility links

Апелляциялық сот "Трибунаның" шағымын қанағаттандырмады


"Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамай. Алматы, 12 шілде 2016 жыл.
"Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамай. Алматы, 12 шілде 2016 жыл.

Қазанның 21-і күні «Трибуна» («Трибуна. Саяси қалам») газеті мен осы газетте биыл сәуір айында жарияланған «Алматы жарнаманы» жемқор басқара ма» деп аталатын мақаланың авторы Денис Кривошеевтің шағымы бойынша Алматы қалалық апелляциялық сотының шешімі шықты.

Апелляциялық сот Медеу аудандық сотының «Алматы Жарнама» мекемесі директоры Сұлтанбек Сыздықовтың шағымы бойынша «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайдан және «Трибуна» газетінің құрылтайшысы - «Қалам» жеке кәсіпкерлігінен және Денис Кривошеевтен барлығы 5 миллион теңге өндіру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Трибуна" газеті мен Денис Кривошеев апелляциялық шағымында Медеу аудандық сотының 12 шілдеде шығарған шешімін заңсыз деп тануды сұраған еді.

«Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай бұған дейінгі сотта даулы мақалада жарық көрген деректерге ұқсас мәліметтер 2011 жылы Алматыда Қысқы Азия ойындары өткеннен кейін бірнеше мемлекеттік басылымдарда жарияланғанын, мақалада «Сұлтанбек Сыздықов жемқор деп тура айыпталмағанын» айтқан. Ол сот төрағасынан мақалаға филологиялық сараптама жасатуды, Қысқы Азия ойындары кезінде жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған Сұлтанбек Сыздықовты және оны «Алматы жарнама» басшылығына тағайындаған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті сотқа шақыруды сұраған.

Алайда журналист Денис Кривошеев «Алматы қаласының әкімін шақырып уақыт созбай-ақ шешім шығаруға болатынын» айтқан. Ол Сұлтанбек Сыздықовтан іс сотқа бармай тұрғанда-ақ «Трибуна» газетінің бетінде кейбір расталмаған деректер үшін ішінара кешірім сұралғанын» хабарлаған.

«Трибуна» газетінде биыл сәуір айында жарияланған мақалада 2011 жылы Қазақстанда өткен Қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушы – «2011 жылы қысқы Азия ойындары дирекциясының» директоры Сұлтанбек Сыздықовтың үстіне 2013 жылы қаңтарда қылмыстық іс қозғалып, бюджеттің 23 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталғаны, бірақ қылмыстық істің бір жылдан кейін тоқтатылғаны» жайында айтылған.

XS
SM
MD
LG