Accessibility links

Литва оппозициясы сайлауда жеңгенін жариялады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Литвадағы парламент сайлауында оппозицияшыл "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясы 23 қазанда өткен дауыс берудің екінші кезеңінде жеңіске жеткенін жариялады. Берілген дауыстың барлығына жуығы саналғандағы мәліметтер бойынша, партия парламенттегі 141 орынның 54-ін иеленген. "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясы бұл нәтиже арқылы парламентте ірі фракция құра алады.

Оппозицияшыл консервативтік "Отан одағы" партиясы - 31-орынды, қызметінен кететін премьер-министр Альгирдас Буткявичюстің Социал-демократиялық партиясы 17-орынды иеленген. Сонымен қатар парламентке тағы үш шағын партия өтті.

Енді парламентке өткен партиялар "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясымен бірге басқарушы коалицияны құрады. "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясынан премьерлікке кандидат Саулюс Сквернелистің мәлімдеуінше, "Отан одағы" партиясы мен Социал-демократиялық партиясымен де келіссөз жасалады.

Бұған дейін "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясының жетекшісі, миллиардер әрі жер иеленуші Рамунас Карбаускис экономикалық өсімге басымдық беретін технократиялық үкімет жасақтау үшін барлық партияның басын қосатын үлкен коалиция құруды ұсынған.

XS
SM
MD
LG