Accessibility links

Тегеранда Каспийдің мәртебесін талқылап жатыр


Каспийдегі мұнай платформалары (Көрнекі сурет).
Каспийдегі мұнай платформалары (Көрнекі сурет).

Иран астанасы Тегеранда Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен арнайы өкілдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын талқылап жатыр деп хабарлады агенттіктер.

Иран, Ресей, Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанның ресми өкілдерінен құралған жұмысшы тобының екі күндік кездесуі 23 қазанда Тегеранда басталған.

Бұған дейін IRNA агенттігі кездесуге Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифтің қатысқанын хабарлаған. Зариф "Тегеран Каспий теңізінің мәртебесі туралы конвенция жобасының таяу уақытта аяқталатынынан үмітті екенін" мәлімдеген.

Иран бұған дейін Каспийді көл деп тануды талап етіп келген. Себебі Каспий теңіз деп танылса, онда оның көмірсутек шикізатына бай емес оңтүстік жағалауы бойындағы 13 пайыз аумағы ғана Иранға берілмек.

Қазақстан, Әзербайжан және Ресей 1998-2003 жылдары Каспийдің солтүстік бөлігінің жағалауын бөлу туралы келісім жасасқан. Қазақстан мен Түркіменстан мұндай келісімге 2014 жылы қол қойып, ол 2015 жылы күшіне енген.

Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі келесі айда Астанада өтеді деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG