Accessibility links

Норвегия Ресеймен шекараға таяу АҚШ әскерін орналастырмақ


НАТО-ның Еуропадағы жаттығуына қатысып жатқан АҚШ әскерилері (Көрнекі сурет).
НАТО-ның Еуропадағы жаттығуына қатысып жатқан АҚШ әскерилері (Көрнекі сурет).

Норвегия үкіметі елде АҚШ-тың 300-ден астам сарбазын орналастыруға рұқсат еткенін мәлімдеді. Әскери-теңіз күштерінің 330 сарбазы Ресеймен шекарадан 1 мың километр қашықтықтағы Ваернес әскери базасына орналастырылады.

АҚШ НАТО бойынша одақтасы Норвегияда бұған дейін де әскери техникалары болғанымен, әскер ұстамаған.

Норвегия қорғаныс министрі Эриксен Сорейде АҚШ әскері "альянс арасындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін" орналастырылатынын мәлімдеді. "Одақтастарымыздың Норвегия күштерімен қалай жұмыс істесуді үйрену үшін бізге келгені қауіпсіздігіміз үшін өте маңызды" деді Сорейде.

Осло АҚШ әскері қаңтардан бастап орналастырылатынын айтады.

Өткен аптада Ослодағы Ресей елшілігі "Норвегия басшыларының Ресейді жау көрмейтінін жиі мәлімдейтінін" айтып, Норвегияда АҚШ әскерін орналастыру идеясына таңданыс білдірген.

Дегенмен Сорейде Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғаннан бері Ресейдің әскери белсенділігінің артуына алаңдаушылық танытқан.

Норвегиядағы кейбір сыни пікірдегі сарапшылар Норвегияның АҚШ пен Ресей арасында туындаған қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегідей жаңа шиеленіске араласуын сынайды.

XS
SM
MD
LG