Accessibility links

"Астана" - үшінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы


"Астана" футбол командасы
"Астана" футбол командасы

Футболдан "Астана" командасы үшінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. Бүгін, 26 қазанда "Астана" сырт алаңда Көкшетаудың "Оқжетпес" командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті.

Осы нәтижеден кейін астаналық клуб екінші орында келе жатқан алматылық "Қайраттан" бес ұпайға озып кетті. "Қайрат" 29 қазанда өтетін соңғы турда өз алаңында "Оқжетпес" командасымен ойнайды. "Қайрат" бұл матчта жеңіске жетсе де "Астанаға" ұпай саны бойынша жете алмайды.

Алматылық команда екінші жыл қатарынан екінші орын алды. Үшінші орынға "Ертіс" (Павлодар), "Оқжетпес" және "Ордабасы" (Шымкент) командалары таласады.

Қазақстан чемпионаты 29 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG