Accessibility links

Пекинде күміс алған Қазақстан балуаны медалін қайтарады


Таймураз Тигиев.

Таймураз Тигиев.

Пекин олимпиадасында еркін күрестен 96 килограмда күміс медаль алған Таймураз Тигиевтің допинг сынамасын қайта тексергенде "допинг табылған". Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өз сайтында ресми түрде мәлімдеді.

ХОК шешіміне сай Тигиев Пекиндегі медалін қайтаруы тиіс. Спортшының медалін қайтару жұмыстарымен Қазақстан олимпиада комитеті айналысады.

Осетияда туған Тигиев 2006 жылға дейін Ресей атынан жарыстарға қатысқан. Кейін Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің спортшысы ретінде әлемдік турнирлерге қатысты.

Пекин олимпиадасында Қазақстан екі алтын, төрт күміс, жеті қоламен жалп есепте 29-орын алған еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG