Accessibility links

Италияның орталығында күшті жер сілкінісі болды


Құтқарушылар зілзала болған аймақта аман қалған егде әйелді алып барады. Лацио, Италия, 29 тамыз 2016 жыл.

Құтқарушылар зілзала болған аймақта аман қалған егде әйелді алып барады. Лацио, Италия, 29 тамыз 2016 жыл.

Италияның орталық бөлігінде 26 қазанда күшті жер сілкінісі болды. Зілзала тамыз айында жерасты дүмпуі болған аймақта тіркелген.

Рим мен Неапольден оңтүстікке қарай аймақта болған зілзаладан ғимараттар, оның ішінде ескі шіркеу қираған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, алғашқы зілзаланың қуаты 5.4, екіншісінің қуаты 6.1, үшіншісінің қуаты 4.9 магнитуданы құраған. Жер сілкінісінен бірнеше сағаттан соң Италия билігі ондаған адам жарақаттанып, бірнеше тұрғын ауыр жараланғанын хабарлады. Бір адам болжам бойынша жер сілкінген кезде жүрек талмасы ұстап қайтыс болған.

Зілзала дүмпулері тұрғындардың үрейін ұшырып, жұрт абдырап көшеге шығып кеткен. Италия билігі бұл жолғы зілзаладан келген шығын 24 тамызда болған зілзала шығынынан әлдеқайда аз. 24 тамыздағы жер сілкінісінен 300-ге тарта адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG