Accessibility links

ҚФФ президенті Қожағапанов "өз еркімен" отставкаға кетті


Ерлан Қожағапанов, Қазақстан футбол федерациясының отставкаға кеткен президенті (Сурет мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан алынды)

Ерлан Қожағапанов, Қазақстан футбол федерациясының отставкаға кеткен президенті (Сурет мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан алынды)

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Ерлан Қожағапанов өз еркімен қызметінен кетті. ҚФФ-ның ресми сайтында бүгін жарияланған ақпаратқа қарағанда, федерацияның атқару комитетінің жиынында Қожағапановтың өз еркімен отставкаға кету туралы өтініші мақұлданған. Қожағапановтың отставкасын бекіту мәселесі 28 қарашада Астанада өтетін кезектен тыс сайлау жиынының қарауына қалдырылған.

19 қазанда ҚФФ Ерлан Қожағапановтың "ұзақ уақытқа оқуға кетуіне байланысты уақытша өз қызметінен кететінін" хабарлаған еді. Федерация президентінің міндетін Сейілда Байшақов атқара тұрады.

Қожағапанов ҚФФ президенті қызметіне 2012 жылы 29 желтоқсанда келген. Осы аралықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев Қожағапановтың жұмысын жиі сынап келді. Ол Қожағапановтың қызметтен кетуін талап еткен. Айсұлтан Назарбаев ҚФФ басқаруға өз кандидатурасын да ұсынған.

XS
SM
MD
LG