Accessibility links

Франция цыгандардың соғыс кезінде тартқан азабына жауапкершілігін мойындады


Франция президенті Франсуа Олланд.

Франция президенті Франсуа Олланд.

Францияның Монтрей-Белле қаласындағы бұрынғы концлагерде болған кезде президент Франсуа Олланд елдегі цыган отбасыларының әрбірінен осы лагерді өткерген кемінде бір адамды кезіктіруге болады деп мәлімдеген.

Елдің қазіргі заманғы тарихында Франсуа Олланд Монтрей-Белледегі концлагерьге барған алғашқы Франция президентіне айналды.

Ол республика көшпелі халық өкілдерінің репрессияға ұшырап, шеккен азабы үшін жауапты екенін мойындайды деп мәлімдеген.

Кейбір деректер бойынша, репрессия құрбанына айналған цыгандар саны 220 мыңнан жарты миллионға дейін жетеді. Олардың кейбірі екінші дүниежүзілік соғыс уақытында елге басқыншылық жасаған Германияның нацистер билігімен ауыз жаласқан Виши режимі тұсында қуғын-сүргінге ұшыраған. Соғыс кезінде Франция жеріндегі концентрациялық лагерлерде алты мыңнан астам цыган тұтқында болған. Жүзден астамы сол лагерлерде қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG