Accessibility links

МАГАТЭ Қазақстанның ядролық нысандарын шолып шықпақ


"Қазатомөндіріс" компаниясы өндірген уран (Көрнекі сурет).

"Қазатомөндіріс" компаниясы өндірген уран (Көрнекі сурет).

Астанада Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) өкілдері Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын шолып шығу жұмысын бастады деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан үкіметі мен МАГАТЭ-нің ынтымақтастық бағдарламасы аясында құрылған миссияға энергетика министрлігінің өкілдері де кіреді.

Министрлік миссия 31 қазан мен 7 қараша аралығында ядролық нысандарға баратынын, ядролық инфрақұрылым 19 критерий бойынша, оның ішінде ядролық қауіпсіздік өлшемі бойынша да бағаланатынын айтады.

Миссия жұмысы барысында қауіпсіздік және АЭС құрылысын салу, кадрларды даярлау сияқты мәселелер де талқыланбақ. Жоспарға сай, жұмыс қорытындысы бойынша МАГАТЭ сарапшылары ұсынысын жасайды.

Наурызда МАГАТЭ Қазақстандағы халықаралық уранды әлсіз байыту банкінің құрылысы 2017 жылы қыркүйекте аяқталады деп хабарлаған. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналасатын бұл банкте АЭС-ке қажетті әлсіз байытылған уран қоры сақталмақ.

XS
SM
MD
LG