Accessibility links

Грузияның биліктегі партиясы парламенттегі көпшілік орынды иеленді


Грузия президенті Георгий Маргвелашвили парламент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беріп тұр. Тбилиси, 30 қазан 2016 жыл.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили парламент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беріп тұр. Тбилиси, 30 қазан 2016 жыл.

Грузияның биліктегі "Грузия арманы" партиясы 30 қазанда өткен парламент сайлауының екінші кезеңінің нәтижесінде парламенттегі көпшілік орынға ие болды. Орталық сайлау комиссиясының 31 қазанда хабарлауынша, партия парламенттегі 150 орынның 115-ін иеленген.

Шетелге кетіп қалған бұрынғы президент Михаил Саакашвили құрған "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы парламенттегі 27 орынды, ал Грузия патриоттарының альянсы алты орынды иеленген.

"Грузия арманы" партиясы мен оның басты қарсыласы "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы екеуі де НАТО-мен және Еуропа Одағымен байланысты күшейтуге шақырады. 8 қазанда өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде пропорционалды дауыс беруде "Грузия арманы" 48,68 пайыз дауыс, "Біріккен ұлттық қозғалыс" 27,11 пайыз дауыс жинаған еді.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің екінші кезеңі "жалпы алғанда тыныш, еркін ауанда өткенін" және айтарлықтай үлкен заң бұзу болмағанын айтады.

АҚШ президентінің әкімшілігі грузиялық сайлаушыларды дауыс беру қорытындысымен құттықтап, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының "сайлау барысында кандидаттар мен сайлаушылардың құқығы бірдей құрметтелді" деп тұжырғанын жеткізді.

XS
SM
MD
LG