Accessibility links

Ирак премьері Анкараны соғысқа арандатпауға шақырды


Хайдер Абади, Ирак премьер-министрі.

Хайдер Абади, Ирак премьер-министрі.

Ирак премьер-министрі Хайдер Абади Түркия Иракпен шекарасының Мосул қаласына жақын тұсына танктер мен артиллерия орналастырылғаннан соң Анкараны соғысқа арандатпауға шақырды. Телеарнадағы баспасөз конференциясында Абади Бағдадтың "Түркиямен соғысқысы немесе жанжалдасқысы келмейтінін", бірақ әскері оқиғаның бұлай өрбіп кету мүмкіндігіне дайын екенін мәлімдеді. Ол Бағдадтың түркиялық әскерилерге Мосул маңындағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларына қарсы әскери операцияларға қатысуына тыйым салғанын да айтты. Абадидің сөзіне қарағанда, егер Түркия Мосул маңында ұрысқа кіріссе, онда Ирак оны "жаулас ел" қатарына қосады.

Түркия 1 қарашада оңтүстік-шығыстағы Иракпен шекараға танктер мен артиллериясын орналастырған. Анкара әскері "қажет болған жағдайда" Иракқа жөнелтілуі мүмкін екенін айтқан. 1 қарашада Түркияның қорғаныс министрі Фикри Ышык Анкара шекараның өзіне тиесілі бөлігінде әскери бөлімдер ұстауға міндетті емесін мәлімдеген. 25 қазанда Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу билік егер елдің қауіпсіздігіне қатер төнсе Иракта құрлықтағы операциялар бастауы мүмкін екенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG