Accessibility links

Мәскеуде ұлтшылдар "Орыс маршын" өткізіп жатыр


Орыс ұлтшылдары өткізіп жатқан "Орыс маршы" шеруі. Мәскеу, 4 қараша 2016 жыл.

Орыс ұлтшылдары өткізіп жатқан "Орыс маршы" шеруі. Мәскеу, 4 қараша 2016 жыл.

Мәскеудің орталық Люблино ауданында бүгін - Ресейде Ұлттық бірлік күні аясында ұлтшылдар "Орыс маршы" шеруін өткізіп жатыр. Акция басталатын кезде Перерва көшесіне 500-ден астам адам жиналды.

Акцияға қатысушылар "Ресей еркін болады" деп және қылмыстық кодекстің экстремизм туралы бабы - "282-ні жою керек" деп ұрандады. Акцияға келгендердің көбі Ресей империясының туын ұстап шыққан.

Шеру өтіп жатқан ауданда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полиция бақылап жүр.

Мәскеу билігі бұған дейін "Орыс маршын" ұйымдастырушылардың шеру өткізу туралы өтінішінен бірнеше рет бас тартып, биыл ғана өткізуге рұқсат берген. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі - Дмитрий Демушкин 21 қазанда ұсталып, үйқамаққа алынған.

XS
SM
MD
LG