Accessibility links

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті басшысы ұсталған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов «пара алған» деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.

Ұлттық бюро ақпаратына сәйкес, Хасенов бұрын министрлікте жұмыс істеген сенімді адамы арқылы «алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат берудің қылмыстық схемасын ұйымдастырған» және «бірнеше мәрте пара алған» деген күдікке ілінген.

Хасенов пен оның сыбайласы деген күдікпен ұсталған адамның Астана ішкі істер департаментінің тергеу абақтысына қамалғаны және сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

56 жастағы Сақташ Хасенов 2015 жылдың маусым айынан бері ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетін басқарып келген. Ол 2005-2006 және 2010-2011 жылдары ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG