Accessibility links

Алматыда «Almaty Towers» бизнес орталығы ғимаратында бүгін кешкі сағат алтының шамасында шыққан өрт салдарынан бір адам мерт болған. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Өрт бизнес орталықтың 25 қабатты қос ғимаратына жапсарлас салынған 6 қабатты ғимараттың шатырында басталған. Өрт шыққан жерде дәнекерлеу жұмысын жүргізген 1962 жылы туған жұмысшы газдан тұншығып, оқиға орнында қаза болған. Қауіпті аймақтан 80 адам эвакуцияланған» деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Өрт сағат 20.30 кезінде сөндірілген. Қазір оның неден шыққаны анықталып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG