Accessibility links

Черногория "орыс ұлтшылдарының төңкеріс жасамақ болғанын" мәлімдеді


Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасау жоспары ісі бойынша тәркіленген заттай айғақтар. Подгорица, 6 қараша 2016 жыл.
Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасау жоспары ісі бойынша тәркіленген заттай айғақтар. Подгорица, 6 қараша 2016 жыл.

Черногория билігі тергеу мәліметтері бойынша, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған, оның ішінде НАТО-ға қосылуды жақтайтын батысшыл басшыны өлтіру жоспарына "орыс ұлтшылдарының" қатысы барын мәлімдеді. Черногория арнайы бас прокуроры Миливойе Катничтің сөзіне қарағанда, прокурорлар "Ресейден шыққан ұлтшылдар" 16 қазан - елде парламент сайлауы өтетін күні парламентке басып кіріп, премьер-министр Мило Джукановичті өлтіруді ойластырған қылмыстық топ құрған деп тұжырған.

Катнич астыртын әрекетке Ресей билігінің тіке қатысы бары анықталмағанын, ал күдіктілер аталған жоспары арқылы ресейшіл коалицияны билікке әкелмек болған. 16 қазанда Черногориядағы сайлау кезінде билік 20 азаматты, оның ішінде көршілес Сербияның арнайы мақсаттағы жасағының бұрынғы қолбасшысын тұтқындаған. Оларға премьер-министрді өлтіруді жоспарлады деген айып тағылған.

Кейбір ақпаратқа қарағанда, Белград билігі Джукановичтің Сербия территориясындағы жүріс-тұрысын бақылаған ресейлік бірнеше арнайы агентті елден шығарған. 2015 жылы желтоқсанда Черногория НАТО-ға қосылуға ресми шақырту алған. Джуканович мамырда альянсқа қосулы туралы хаттамаға қол қойған.

XS
SM
MD
LG