Accessibility links

Дүйсенова: Қазақстанда 451 мың адам жұмыссыз


Шалқар қаласындағы орталық базарда тары сатып тұрған әйелдер (Көрнекі сурет).

Шалқар қаласындағы орталық базарда тары сатып тұрған әйелдер (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 9 миллион жұмысқа жарамды экономикалық белсенді халық бар деп мәлімдеді бүгін денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Дүйсенова бұл туралы мәжілісте жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі жол картасы бағдарламасының орындалу барысы жайлы жасаған есебінде айтты.

Дүйсенованың сөзіне қарағанда, министрліктің соңғы мәліметі бойынша республикада 451 мыңнан астам адам жұмыссыз. 2,3 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Оның 93 пайызы ауылшаруашылығы саласында жұыс істейді.

Министрдің сөзінше, бағдарлама іске қосылған 2011 жылдан 2016 жылға дейін 744 мың адамға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген, оның ішінде 56 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Қыркүйекте экономика министрі Қуандық Бишімбаев биыл "дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында" жаңа 170 мың жұмыс орны ашылғанын, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG