Accessibility links

БҰҰ: Кундуздағы әуе шабуылын тексеріп жатырмыз


Кундуздағы әуе шабуылынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына наразылық акциялары. Ауғанстан, 3 қараша 2016 жыл.
Кундуздағы әуе шабуылынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына наразылық акциялары. Ауғанстан, 3 қараша 2016 жыл.

БҰҰ Ауғанстанның солтүстігінде америкалық әскери ұшақтардың шабуылынан ондаған бейбіт тұрғынның қаза болуы оқиғасын тексеріп жатқанын хабарлады. БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының (UNAMA) мәліметінше, Кундуздың Буз-е-Кандахари ауданында әуе шабуылынан 32 бейбіт тұрғын қаза тауып, 19-ы жараланған. Зардап шеккендердің көпшілігі әйелдер мен балалар.

UNAMA мәліметіне қарағанда, өткен аптада 95 бейбіт тұрғын мерт болып, 11 адам жараланған. "Бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың көбеюі - жол беруге болмайтын жайт және ол Ауғанстанда бейбітшілікті қалпына келтіру үшін жасалып жатқан шараларға нұқсан келтіреді" делінген БҰҰ бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі Тадамити Ямамотоның 6 қарашада таратқан мәлімдемесінде.

5 қарашада америкалық әскерилер әуе шабуылдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тапқан болуы мүмкін екенін мәлімдеп, оған тергеу жүргізуге уәде берген. Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы, генерал Джон Николсон бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

XS
SM
MD
LG