Accessibility links

Күрд жасақтары Мосул түбіндегі қалаға кірді


Күрдтердің Пешмерга отрядының жасақтары Мосул түбіндегі Башика қаласына кіріп барады. Ирак, 7 қараша 2016 жыл.

Күрдтердің Пешмерга отрядының жасақтары Мосул түбіндегі Башика қаласына кіріп барады. Ирак, 7 қараша 2016 жыл.

Иракта күрдтердің әскериленген Пешмерга жасақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының бақылауында тұрған Мосулдың солтүстік-шығысындағы Башика қаласына кірді. Екі мыңға тарта күрд сарбаздары Мосулдан 13 километр қашықтықтағы қалаға 7 қараша күні күн бата кірді. ИМ Мосулды бақылауға алған 2014 жылдан бері содырлар мен күрдтер арасындағы майдан шебі осы қала арқылы өткен.

Мосулды азат ету операциясына қатысып жатқан күрд жасақтары Башиканы басып алуды стратегиялық мақсат етіп қойған. Генерал-лейтенант Сафин Расул Reuters агенттігіне қалада жүз шақты содыр қалғанын хабарлады. Ирак үкіметінің әскері ИМ содырларымен ұрысты Мосулдың шығыс жағында жалғастырып жатыр және қалаға солтүстік пен оңтүстік жағынан жылжып барады. Иран қолдайтын шиит жасақтары қаланың батыс жағынан шабуылдап келеді.

XS
SM
MD
LG