Accessibility links

Ресей Түркиямен әскери ынтымақтастықты жандандыратынын мәлімдеді


Александр Фомин, Ресей Федералдық әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің басшысы.
Александр Фомин, Ресей Федералдық әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің басшысы.

Ресей билігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Ресей мен Түркия әскери ынтымақтастықты қайта жандандырады және жылдың соңына дейін үкіметаралық комиссия кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Ресейдің Федералдық әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің басшысы Александр Фомин 7 қарашада кездесудің мерзімі мен өтетін жері талқыланып жатқанын мәлімдеді. Ол комиссия сонымен қатар Түркияға Ресейде шығарылған әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін орнату жайын талқылауы да мүмкін екенін айтты.

1 қарашада Мәскеуге Түркия қарулы күштері бас штабының басшысы Хулуси Акар сапарлап барған. Түркия билігінің мәлімдеуінше, Хулуси Акар мен оның ресейлік әріптесі Валерий Герасимов Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларымен күрес және басқа да салалардағы әскери ынтымақтастық орнату мүмкіндігін талқылаған.

Анкара мен Мәскеудің қарым-қатынасы 2015 жылы қазанда Түркия Сириямен шекарада ресейлік әскери ұшақты атып түсірген соң күрт нашарлаған. Бірақ екі елдің қарым-қатынасы Түркияның бір топ әскери шенеуніктері президент Режеп Ердоғанды биліктен құлатуға әрекеттеніп, ол сәтсіз аяқталған соң жақсарған.

НАТО-ға мүше Түркия Ердоған бүліктен соң саяси бәсекелестерін қудалай бастаған соң Анкараның альянстағы одақтастары оның бұл шараларын сынаған.

XS
SM
MD
LG