Accessibility links

Шымкентте жыл басынан бері бес оқушы қыз жүкті болып қалған


Мектеп оқушылары (Көрнекі сурет).

Мектеп оқушылары (Көрнекі сурет).

Биыл жыл басынан бері Шымкент қаласындағы жалпы орта мектепте оқитын бес оқушы қыз жүкті болып қалған деп хабарлады Азаттыққа қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

Бөлім басшысының айтуынша, ерте жүктілік мәселесі бойынша бүгінде үкіметтік емес ұйымдармен, медицина қызметкерлерімен байланыс тығыз орнатылып, мектептерде ата-аналар комитетінің жанынан құрылған аналар клубы жұмыс істесе де оқушы қыздар арасында жүктілік дерегі әлі кездеседі. Мектепте жүкті болып қалған қыздардың ең жасы – 16-да.

- Жыл басынан бері бес оқушы қыздың жүкті болып қалғаны туралы дерек тіркелді. Бүгінде олардың ішінде босанып алғандары да бар. Өкінішке қарай қыздарын ерте тұрмысқа беруге асығатын ата-аналар бар. Сондықтан, бұл мәселеде ата-аналардың құқықтық сауатын ашу үшін құзырлы орындар тарапынан жұмыс жүргізу керек, - дейді Жанат Тәжиева.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG