Accessibility links

АҚШ: Республикашыл партия конгрестегі басымдығын сақтап қалды


АҚШ конгресі (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресі (Көрнекі сурет).

АҚШ-та президент сайлауымен қатар өтіп жатқан конгрес сайлауында Демократиялық партия сенатта босаған 34 орынның біреуін ғана иеленді. Демократтардың 100 орындық сенатқа бақылау үміті төмендеп барады. Сайлаушылардың көпшілігі республикашылдарға дауыс беріп жатыр.

Республикашыл сенатор Марк Криктің Иллинойс штатында жеңілгеніне қарамастан, Демократиялық партияға сенатта көпшілік орынды иелену үшін төрт орын жетпейді.

Демократиялық партияның басқа да кандидаттары Индиана, Висконсин, Солтүстік Каролина және Флорида штаттарында жеңіске жете алмады.

Associated Press пен басты телеарналардың хабарлауынша, Республикалық партия сонымен қатар өкілдер палатасындағы басымдығын да сақтап қалған.

Қазір республикашылдар конгрестің қос палатасында да басымдыққа ие.

XS
SM
MD
LG