Accessibility links

Эстонияда басқарушы коалициядағы тартыстан соң үкімет ыдырады


Таави Ройвас, Эстонияның сенімсіздік білдірілген премьер-министрі.

Таави Ройвас, Эстонияның сенімсіздік білдірілген премьер-министрі.

Эстонияда үкіметте экономикалық мәселелерге қатысты бірнеше айға созылған талас-тартыс соңы премьер-министр Таави Ройвасқа сенімсіздік вотумын білдіруге ұласты. Парламент сенімсіздік вотумына 9 қарашада дауыс берді. Енді президент Керсти Кальюлайд 14 күн ішінде премьер-министр қызметіне жаңа кандидатын ұсынуы тиіс.

Ройвастың Реформа партиясы үкіметті 2005 жылдан бері басқарып келеді. Бірақ соңғы кездері басқарушы коалиция арасында салық салу мәселесіне және елдегі жалпы экономикалық жағдайға қатысты кәдімгідей алауыздық туындаған. Реформа партиясының коалициядағы өзге кіші серіктері - социал-демократтар мен консервативтік Отан және республика одағы партиясы елдегі этникалық орыстар қолдайтын Оңшыл партиямен жаңа альянс құру туралы жедел келіссөз бастайтынын мәлімдеген.

Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше Эстонияда соңғы уақытта Ресейдің Балтық теңізі мен елдің шығыс шекарасына жақын әскери жаттығуларды жиі өткізе бастауына алаңдаушылық күшейген.

XS
SM
MD
LG