Accessibility links

АҚШ "Нусра майданы" жетекшілеріне санкция салды


Сириядағы "Нусра майданы" тобының содырлары деп сипатталған адамдар (Көрнекі сурет).

Сириядағы "Нусра майданы" тобының содырлары деп сипатталған адамдар (Көрнекі сурет).

АҚШ қаржы министрлігі 10 қарашада "Әл-Қаиданың" Сириядағы қанаты - Нусра майданы" тобының төрт жетекшісіне санкция салды. Бұл топ АҚШ пен Ресей арасында диспутқа айналған. Ресейдің ұйғарымынша, Вашингтон бұл топ содырларына олар АҚШ қолдайтын көтерілісшілермен бір бағытта Сирия билігіне қарсы соғысып жатқандықтан "тиіспейді".

Бірақ АҚШ қаржы министрлігінің шешімі АҚШ-тың "Нусра майданын" бұрынғыдай террористік ұйым деп санайтынын көрсетеді. Санкциялар америкалықтарға топ жетекшілерімен келісім жасауына тыйым салу арқылы топтың әскери белсенділігінің, қатарына содырларды тарту және қаржыландыру арналарын азайтуды көздейді.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Джабхат Фатах әл-Шамды" (топтың жаңа атауы) бүркеншік атаумен әрекет ететін террористік ұйымдар тізіміне қосты. АҚШ санкция салған "Нусра майданының" төрт мүшесі - Абдаллах Мухаммад бин-Сулайман әл-Мухайсиннің топқа содыр тартуға қатысы бар делінеді. Жамал Хусейн Зайния - Сирия мен Ливандағы операцияларға жауапты, Абдул Джашари - әскери кеңесші, Ашраф Ахмад Фари әл-Аллак - топ командирі деп сипатталған.

XS
SM
MD
LG