Accessibility links

Қазақстандық Ажғалиев шорт-тректен әлем кубогында алтын алды


Шорт-тректен Қазақстан құрамасы.
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы.

Шорт-тректен Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Бұл жарыста қазақстандық Абзал Ажғалиев 500 метрге жүгіруде алтын алды.

Финалда Ажғалиев үшінші келе жатқан. Соңғы елу метрде алдағы екі канадалық спортшы құлап, Ажғалиев бірінші орынға шығып кетті. Күмісті қытайлық Тяню Хан, қоланы канадалық Шарль Амлен иеленді.

Бұған қоса Қазақстан ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада үшінші орын алды. Алтын мен күмісті Қытай мен Голландия иеленді. Бұл - Қазақстанның шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде алған алғашқы медальдары.

Әлем кубогының келесі кезеңі 9-11 желтоқсанда Шанхайда (Қытай) өтеді

XS
SM
MD
LG