Accessibility links

Трамп президент әкімшілігінің болашақ жетекшісін атады


Республикашыл партияның ұлттық комитетінің төрағасы Райнс Прибус Дональд Трамптың жеңісінен соң сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 10 қараша 2016 жыл.

Республикашыл партияның ұлттық комитетінің төрағасы Райнс Прибус Дональд Трамптың жеңісінен соң сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 10 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп президент әкімшілігін Республикашыл партияның ұлттық комитетінің төрағасы Райнс Прибус басқаратынын мәлімдеді. Республикашыл партия басшылығына жаққан Прибус сайлауалды кампаниясы кезінде Трамптың серігі болған.

Райнс Прибустың конгрестің өкілдер палатасының спикері, республикашыл Пол Райанмен қарым-қатынасы жақсы. Прибустың әкімшілік басшысы болуы Трамптың Пол Райанмен және республикашылдар басым конгреспен ынтымақтастыққа дайын екенін білдіреді.

Трамп президент қызметіне кіріскен соң негізгі кеңесшісі етіп Стивен Бэннонды қоймақ. Ол Трамптың сайлауалды штабын, бұрын Breitbart News консервативтік сайтын басқарған.

Дональд Трамп 20 қаңтарда президент қызметіне кіріседі.

XS
SM
MD
LG