Accessibility links

Путин мен Трамп телефонмен сөйлесті


АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, екі ел арасындағы күрделі қарым-қатынасты талқылағаны хабарланды.

Трамптің өкілдері таратқан мәлімдемеде Путиннің оны президент болып сайлануымен құттықтағаны айтылады. Мәлімдемеде "Трамп Ресеймен берік және ұзақ мерзімді байланыс орнатудың мүмкіндіктерін тағатсыздана күтіп отыр" делінген. Трамп пен Путин "АҚШ пен Ресей алдында тұрған бірқатар проблеманы, стратегиялық экономикалық мәселелерді" де талқылаған.

Бұған дейін Кремль Путин де, Трамп та екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйін "мүлдем қанағаттанарлықтай емес" деп білетінін хабарлаған. Ресей президенті Трампқа "өзара құрмет пен елдің ішкі ісіне араласпаған түрде" диалог орнатуға дайын екенін айтқан. Кремль бұған қоса тараптар "екі жақты қарым-қатынасты өнімді ынтымақтастыққа қарай бағыттауға" уағдаласты дейді.

Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін заңсыз аннексиялап алып, Мәскеу Украинаның шығысындағы сепаратистерге және Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсете бастаған соң күрт нашарлаған.

XS
SM
MD
LG