Accessibility links

Журналист Бигелді Ғабдуллин ұсталды


Central Asia Monitor газеті мен Radiotochka.kz сайтының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин.

Central Asia Monitor газеті мен Radiotochka.kz сайтының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин.

Central Asia Monitor газеті мен Radiotochka.kz сайтының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин лауазымды тұлғалардан мемлекеттік тапсырыс бопсалады деген күдікпен қамалды деп хабарлады коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Бюро ақпаратына қарағанда, тергеу кезінде Ғабдуллиннің өзіне қарасты Central Asia Monitor газеті мен Radiotochka.kz сайтын пайдаланып "мемлекеттік органдардың басшыларына негативті материалдар жариялау арқылы ақпараттық шабуыл ұйымдастырғаны", "оны тоқтату үшін өзінің медиа ресурстарына лауазымды тұлғалардан мемлекеттік тапсырыс бопсалағаны" анықталған.

Бюро мәліметінше, Бигелді Ғабдуллин "осындай жолмен жеті мемлекеттік органды бопсалаған". Қазір оның үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бюроның баспасөз қызметі Бигелді Ғабдуллиннің қазір Астанада қамауда отырғанын ғана айтып, оның қашан ұсталғаны туралы ақпарат бермеді.

XS
SM
MD
LG