Accessibility links

Порошенко Трампты "Ресей агрессиясына қарсы күресті қолдауға" шақырды


Петр Порошенко, Украина президенті.

Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко 15 қарашада АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесіп, Вашингтонды "Ресей агрессиясына қарсы күресте қолдау көрсетуге" шақырды. Президент сайтындағы ақпаратта Порошенконың ынтымақтастықты күшейту үшін Трамп әкімшілігімен жұмыс істесуге дайын екені хабарланған. Онда саясаткерлер кездесу өткізуге келіскені және Порошенконың 2017 жылдың басында Вашингтонға сапарына дайындық жүріп жатқаны айтылады.

Хабарламада Порошенконың "Киевке аса маңызды реформаларды жүргізуде жәрдемдесуде Вашингтонға ерекше басымдық бергені" айтылады. Онда Ресейдің 2014 жылы Қырымды заңсыз аннексиялап алғаны туралы сөз жоқ.

Дональд Трамптың кеңсесі әзірше оның Петр Порошенкомен телефонмен сөйлескені туралы ресми комментарий жасаған жоқ.

14 қарашада Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен. Бұдан соң екі Путин де, Трамп та Ресей-АҚШ қарым-қатынасының жақсаруына қатысты оптимистік тұрғыдан комментарий білдірген.

XS
SM
MD
LG