Accessibility links

Клинтон сайлаудан соң бірінші рет көпшілік алдында сөйледі


Хиллари Клинтон Вашингтонда өткен "Балаларды қорғау қорының" жиынында. 16 қараша 2016 жыл.

Хиллари Клинтон Вашингтонда өткен "Балаларды қорғау қорының" жиынында. 16 қараша 2016 жыл.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан бұрынғы кандидат Хиллари Клинтон азаматтарды берілмеуге және америка қоғамының құндылықтары үшін күресуге шақырды. Бұл туралы ол президент сайлауынан жеңіліп қалғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шыққанында, Вашингтонда өткен "Балаларды қорғау қорының" жиынында мәлімдеді.

Клинтонның айтуынша, 8 қарашада республикашыл кандидат Дональд Трамптың жеңісімен аяқталған сайлау америкалықтарды қоғамдағы жағдайлар туралы ойлануға мәжбүрледі. Клинтон сайлау нәтижесінен соң қатты күйзелгенін және өзі үшін көпшілік алдына шығу оңай болмағанын айтты.

АҚШ президенті сайлауында Клинтон Трамптан берілген дауыс саны бойынша басым түскенімен, сайлаушылар алқасындағы дауыс саны бойынша жеңілген.

АҚШ-та тікелей дауыс беру жүйесі жоқ. Мемлекет басшысын сайлау үшін сайлаушылар алқасы жасақталады. Олардың әр штаттағы саны штат тұрғындарының санына тура пропорционал болады. Трамп сайлаушылар алқасында қажетті 270 дауыстың орнына 290 дауыс жинады. Ал Клинтон 232 дауыс алды.

XS
SM
MD
LG