Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қостанайда бастауын сыныптарға, Қарағанды мен Астанада 1-9 сыныптарға, Өскемен, Семей және Шемонаихада 1-11 сынып оқушыларына, колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылған.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның барлық аймағында аяз күшейген. 19-20 қарашада ауа температурасы кей аймақтарда -30 градусқа дейін және одан да төмендеген.
Қазір бірнеше облыста күннің аяздығынан қала аралық жолдар да жабылған.