Accessibility links

Үндістанда пойыз апатынан қаза тапқандар 140-тан асты


Пойыз апаты болған аймақ.

Пойыз апаты болған аймақ.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында пойыз апатынан қаза тапқандар саны 140-тан асты. Жексенбіге ауған түні жолаушылар пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетіп, адамдар адам мерт болып, жарақаттанған еді.

Үндістан басылымдарының хабарлауынша, апат болған аймақтан 91 адамның денесі табылған. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ел үкіметі қаза тапқандар саны өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оқиға 21 қарашада Канпур қаласынан 100 километр жерде түнгі сағат үште болған. Апат себебі әлі анықталған жоқ.

Үндістан темір жол министрі Суреш Прахбу тексеру жұмыстары басталғанын, айыптылар жазаланатынын мәлімдеді. Темір жол желісі ескірген бұл елде пойыз апаты жиі болады.

XS
SM
MD
LG