Accessibility links

Назарбаев жергілікті судьялардың жұмысын сынады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан судьялар съезінде жергілікті соттар жұмысын сынға алды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды.

"Өкінішке қарай, тәжірибе жүзінде әділдікті іздеген біздің азаматтар жоғары сот инстанциясына немесе прокуратураға жүгінуге мәжбүр. Тек ағымдағы жылы азаматтық істер бойынша прокуратураның наразылығы тұрғысында Жоғарғы сот төмен сатыдағы соттардың 63 шешімін қайта қарады. Демек, біз барлық құқықтарды беріп, барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілген төмен сатыдағы соттар өздерінің қызметін орындамай отыр",-деді Назарбаев.

Назарбаевтың айтуынша, "биыл тәртіптік тұрғыда 32 судья жазаланып, тағы екеуі жағымсыз уәждер бойынша қызметінен босатылды".

XS
SM
MD
LG