Accessibility links

Теңізбаевқа Пекин олимпиадасының күміс медалі берілді


Қазақстан балуаны Нұрбақыт Теңізбаев.

Қазақстан балуаны Нұрбақыт Теңізбаев.

Грек-рим күресінен Пекин олимпиадасында қола медаль алған Қазақстан балуаны Нұрбақыт Теңізбаев араға сегіз жыл салып күміс медаль иеленеді. Бұл шешімді бүкіләлемдік күрес одағының (UWW) ресми сайтында хабарланды.

Пекинде Теңізбаев жартылай финалда әзербайжандық Виталий Рахимовтан жеңілген еді. Кейін Халықаралық олимпиада комитеті Рахимовтың Пекинде алған допинг сынамасын қайта тексергенде оң нәтиже бергенін хабарлап, оның нәтижесін жойған еді. ХОК шешімінен кейін UWW Рахимовтың күмісін Теңізбаевқа беруге шешім қабылдады.

Осыған дейін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға да 2008 жылғы Пекин олимпиадасының қола медалі тапсырылған. Рыпакова Пекин олимпиадасында үш қарғып секіру секторында төртінші орын алған. Ал қола жүлдені грекиялық Хрисопия Деветци иеленген. IAAF Деветцидің допинг сынамасын қайта тексергенде допинг табылғанын мәлімдеп, ресми хаттамада Рыпакованы үшінші орынға шығарды.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG