Accessibility links

Сириядағы соғыста мыңдаған ирандық мерт болған


Сирия. Көрнекі сурет.

Сирия. Көрнекі сурет.

Ирандағы қоғамдық қорлардың дерегінше, Сириядағы әскери қақтығыс кезінде мыңнан астам ирандық сарбаз мерт болған. Бұл ақпаратты соғысқа аттанған ирандықтардың туысқандары да растаған.

Иран азаматтары өздерін "қабыр қорғаушыларымыз" деп атап, Сирияда Башар Асад әскері жағында соғысып жүр. Иран билігі Сирияға арнайы әскер жібермегенін, ол жаққа кеткендердің барлығы еріктілер екенін айтады.

Биліктің пайымдауынша, Сириядағы ирандықтардың көбі "шииттерді қорғау үшін соғысуға кеткен".

XS
SM
MD
LG